Әлем чемпионатына шыққан Өзбекстан құрамасы өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

Сейсенбі, 10 маусым күні Ташкенттегі (Өзбекстан) «Бунёдкор» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатына Азиядан іріктеу кезеңінің үшінші раундының оныншы туры аясында Өзбекстан мен Катар құрамалары арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 3:0 есебімен Өзбекстанның аяқталды. 28-минутта Азизбек Тұрғынбоев айып алаңының сыртынан әдемі соққысымен есеп ашса, 86-шы минутта Өзбекстан құрамасының капитаны Эльдор Шомуродов есеп еселеді. 90+2-минутта Игорь Сергеев қорытынды есепті тіркеді.
Еске салайық, 5 маусым күні Өзбекстан құрамасы БАӘ командасымен сырт алаңда тең ойнап (0:0) 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдаманы жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или