Ресми: Дин Хейсен – «Реал» ойыншысы атанды

Бүгін «Реал» футбол клубының жаңа қорғаушысы Дин Хейсенді ресми түрде таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Салтанатты шара барысында қос тарап 2030 жылдың жазына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды. Хейсен жаңа клубында 24-ші нөмірді таңдады.
«Реал» – әлемдегі ең үздік клуб. «Реал» – бала кезден армандаған клуб. Олар маған хабарласқаннан кейін басқа командаларға бұрылып та қарамадым.
Мұнда бар күшімді салып, көптеген трофейге қол жеткізу үшін келдім. Алда тамаша жылдар күтіп тұр деп ойлаймын.
Ал 24-нөмірді босы сол болғаннан кейін алдым», – деді испаниялық қорғаушы.
Осыған дейін мадридтік клуб 20 жастағы қорғаушыны «Борнмуттан» 59,3 миллион еуроға сатып алғаны белгілі болған еді.
Айта кетейік, Дин Хейсен осы маусымда жалпы 36 матч өткізіп, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пастың авторы атанды.