Алматылық «Қайрат» қатарына бразилиялық шабуылшыны қосады

Алматылық «Қайрат» қатарына бразилиялық шабуылшыны қосады

Бразилиялық шабуылшысы Эдмилсон алматылық «Қайрат» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz

Meta-ratings.kz порталының мәліметінше, қазақстандық клуб 28 жастағы ойыншыны қатарына еркін агент ретінде қосады. 

Қазіргі таңда шабуылшы словениялық «Целе» футбол клубында өнер көрсетеді. Клуб сапында екі маусым өткізіп, Словения бірінші лигасы мен Ел кубогында чемпион атанды. Осы аралықта ол командада 73 ойын өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 12 ойынында 26 ұпай жинаған «Қайрат» турнир кестесінде екінші орында келеді. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері осы жазда өткен жылғы ел чемпионы ретінде Чемпиондар лигасының іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или