Қазақстандық баскетболшы қазақстандық клубқа оралды

Қазақстандық баскетболшы Роберт Пан «Астана» баскетбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астаналық клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қос тарап 2025/2026 жылдар маусымына арналған жаңа келісімге қол қойды.
Бұған дейін Роберт астаналық ұжымның намысын 2020/21 және 2021/22 жылдар маусымында қорғады. Одан соң мансабын «Irbis-Alatau» командасында жалғастырды. Отандасымыз өткен маусымда Ресей Суперлигасының «Тамбов» командасында ойнады. Онда ол команданың көшбасшы ойыншыларының бірі болып, әр ойында орта есеппен 12.6 ұпай еншілеп, 4.9 рет допты алып, 1.4 пас беріп, 1.4 рет допты тартып алған.
Сонымен қатар, Роберт Пан Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншыларының бірі саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или