Eindhoven Boxcup: Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады

Eindhoven Boxcup: Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады

Нидерландының Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Boxcup халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы күні жарыс жолына шыққан бес қазақстандық боксшы қарсыластарын жеңіп, барлығы да жеңіс тұғырына көтерілді:

  • 50 келі. Даниял Сәбит
  • 70 келі. Абылайхан Жүсіпов
  • 80 келі. Ерасыл Жақпеков
  • 85 келі. Дәулет Төлемісов
  • +90 келі. Нұрлан Сапарбай

Үш боксшымыз жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанған болатын:

  • 65 келі. Ертуған Зейнуллинов
  • 75 келі. Сабыржан Аққалықов
  • 90 келі. Сағындық Тоғамбай

Осылайша, Қазақстан құрамасы аталған турнирде 5 алтын, 3 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды.

Айта кетейік, дүбірлі додада әлемнің 30 елінен келген 200-ге жуық былғары қолғап шебері бақ сынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или