2026 жылға арналған Формула-1 күнтізбесі жарияланды

Халықаралық автомобиль федерациясы мен Формула 1 ұйымдастырушылары 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты 76-маусымының күнтізбесін таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусым тағы да 24 кезеңді қамтиды. Чемпионат 8 наурызда Австралияда басталса, финалдық Гран-при 6 желтоқсанда Абу-Дабиде өтеді. Имола жаңа кестеге енбеген – оның орнына Мадридте екінші испаниялық кезеңі өтеді.
2026 жылға арналған Формула-1 күнтізбесі:
6-8 наурыз — Австралия, Мельбурн
13-15 март — Қытай, Шанхай
27-29 март — Жапония, Сузука
10-12 сәуір — Бахрейн, Сахир
17-19 сәуір — Саудия Аравиясы, Джидда
1-3 мамыр — АҚШ, Майами
22-24 мамыр — Канада, Монреаль
5-7 маусым — Монако
12-14 маусым — Испания, Барселона
26-28 маусым — Австрия, Шпильберг
3-5 шілде — Ұлыбритания, Сильверстоун
17-19 шілде — Бельгия, Спа
24-26 шілде — Венгрия, Будапешт
21-23 тамыз — Нидерланды, Зандворт
4-6 қыркүйек — Италия, Монца
11-13 қыркүйек — Испания, Мадрид
25-27 қыркүйек — Әзербайжан, Баку
9-11 қазан — Сингапур
23-25 қазан — АҚШ, Остин
30 қазан — 1 қараша — Мексика, Мехико
6-8 қараша — Бразилия, Сан-Паулу
19-21 қараша — АҚШ, Лас-Вегас
27-29 қараша — Катар, Лусаил
4-6 желтоқсан — Абу-Даби, Яс-Марина.