Абылайхан Жүсіпов Нидерландтағы турнирде чемпион атанды

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде Абылайхан Жүсіпов (70 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы финалда Асадхуджа Муйдинхуджаевпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан төрешілер шешімімен басым түсті.
Сондай-ақ ел құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда Даниял Баттулга Алдархишигті (Моңғолия) жеңді.
Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі) финалда украиналық Артур Касиановтан (5:0) басым түсті.
Ел құрамасынан Сағындық Тоғамбай (90 келі) өзбекстандық Тұрарбек Хабибуллевқа есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) пен Сабыржан Аққалықов (75 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетсек, дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан ертерек Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.