«Астана» шабандозы «Антверп Порт Эпик» біркүндік веложарысында 7-орын алды

«Астана» шабандозы «Антверп Порт Эпик» біркүндік веложарысында 7-орын алды

Бүгін Бельгияда «Антверп Порт Эпик» атты біркүндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс жеңімпазы Alpecin-Deceuninck командасынан бельгиялық велошабандоз Тимо Келих атанды. Екінші орынды Uno-X командасының даниялық шабандозы Расмус Валлин иеленді. Үздік үштікті Soudal Quick-Step сапындағы Тим Мерлир түйіндеді. 

«Астана» сапынан үздік нәтижені Глеб Сырица көрсетті. Ол мәреге жетінші болып жетті. Майк Тёниссен — 17-орын, Алессандро Ромеле — 58-орын, Алессио Делле Ведове — 60-орын, Маттео Малучелли — 84-орын, Флориан Самуэль Каямини — 86-орын, ал Лев Гонов — 111-орын алды.

«Антверп Порт Эпик». Antwerp — Antwerp. 182.2 шақырым

1. Тимо Келих (Бельгия, Alpecin-Deceuninck) — 4:12:06
2. Расмус Валлин (Дания, Uno-X)
3. Тим Мерлир (Бельгия, Soudal Quick-Step) — +0:03

7. Глеб Сырица (Ресей, «Астана»)
17. Майк Тёниссен (Нидерланд, «Астана»)
58. Алессандро Ромеле (Италия, «Астана») — +1:41
60. Алессио Делле Ведове (Италия, «Астана») — +3:12
84. Маттео Малучелли (Италия, «Астана») — +5:45
86. Флориан Самуэль Каямини (Италия, «Астана»)
111. Лев Гонов (Ресей, «Астана») — +10:06.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или