Екі рет бағана, бір рет маңдайша. «Астана Аренада» жолымыз болмады

Екі рет бағана, бір рет маңдайша. «Астана Аренада» жолымыз болмады

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македония құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 

Матчтағы жалғыз голды 33 минутта Александр Трайковски соқты.

Еске салайық, іріктеу кезеңінде Қазақстан Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн құрамаларымен J тобында өнер көрсетіп жатыр.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Уэльс (1:3) құрамасына жол беріп, кейін Люксембургтен (2:0) басым түскен болатын. 

Ал Солтүстік Македония Лихтенштейнді (0:3) жеңіп, Уэльс (1:1) пен Бельгиямен (1:1) тең ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или