Eindhoven Box Cup: қазақстандық бес боксшы финалда жұдырықтасады

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың 8 маусымдағы нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл күні ел құрамасынан сегіз боксшы сынға түсті. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.
Назарларыңызға финалға жолдама алған боксшылар мен оның қарсыластарын ұсынамыз:
- 50 келі. Даниял Сабит — Алдаршинг Батулга (Маңғолия)
- 70 келі. Абылайхан Жүсіпов — Асахуджа Муйдинходжаев (Өзбекстан)
- 80 келі. Ерасыл Жақпеков — Артур Касианов (Украина)
- 85 келі. Дәулет Төлемісов — Микола Лактионов (Украина)
- +90 келі. Нұрлан Сапарбай — Деннис Окио (Германия)
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 17:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или