Бүгін әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Бүгін әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Сегізінші турдың ойын кестесі:

  • «Астана» - «Қайсар» (Қызылорда)
  • «Қызылжар» (Петропавл) - «Жеңіс» (Астана)
  • «Елімай» (Семей) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
  • «Ұлытау» (Жезқазған) - «Тобыл» (Қостанай)
  • «Қайрат» (Алматы) - «Атырау»
  • БИИК (Шымкент) - «Жетісу» (Талдықорған)
  • «Ақтөбе» - «Томирис-Тұран» (Түркістан)

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Айта кетейік, жеті турдан кейін шымкенттік БИИК, түркістандық «Томирис-Тұран», «Ақтөбе» командалары 19 ұпаймен көш бастап келеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или