Криштиану Роналду «Әл-Насрда» қалатын болды
Португалия құрамасының 40 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында жалғастыратынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осыған дейін Роналду жазғы трансфер кезеңінде негізгі шешімдерді қабылдайтыны хабарланған еді. Кешегі Ұлттар лигасындағы жеңісінен кейін саудиялық клубта қалатынын мәлімдеді:
«Болашағым туралы айтар болсам, түбегейлі ештеңе өзгермейді. Мен «Әл-Насрда» қаламын», – деді Роналду журналистке берген сұхбатында.
Футболшының алдыңғы келісімшарты 30 маусымда аяқталған болатын. Қазіргі уақытта тараптар жаңа келісімшартқа қол қоюға жақын.
Өткен маусымда Роналду «Аль-Наср» сапында барлық турнирде 41 ойын өткізіп, 35 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтық құны – 12 миллион еуро.