Рыпакова жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде екінші орын алды

Рыпакова жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде екінші орын алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан ірі Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Анастасия өзінің үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или