09.06.2025. Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан - Солтүстік Македония. Тікелей трансляция

Дүйсенбі, 9 маусымда Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында «Астана Аренада» Солтүстік Македониямен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан - Солтүстік Македония матчының тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 18:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы матчында қонақта Уэльстен жеңілді (1:3), кейін сыртта тағы бір матч өткізіп, Лихтенштейннен басым түсті (2:0).
Солтүстік Македония құрамасы іріктеу турниріндегі алғашқы ойында Лихтенштейнді (3:0) жеңді, Уэльс (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Осылайша, матч алдында Солтүстік Македонияның еншісінде бес, ал Қазақстанның еншісінде үш ұпай бар.