Нидерланды турнирі: Қазақстан мен Өзбекстан жартылай финалда кездесті

Эйндховен қаласында (Нидерланды) бокстан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай мен өзбек Тұрабек Хабибуллаев ауыр салмақта финалға жолдама алу үшін жұдырықтасты. Хабибуллаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Турабек Хабибуллаев турнирдің финалына шықса, Сағындық Тоғамбай бұл жарыстардағы өнерін «қоламен» аяқтады.
Бір қызығы, екі боксшы да Азияның қазіргі чемпиондары: Тоғамбай 92 келіде «алтын» алды, ал Хабибуллаев екі салмақ дәрежесі төмен – 80 келіде топ жарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или