Португалия Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды
Мюнхенде (Германия) «Альянц Арена» стадионында Ұлттар лигасының финалдық ойыны өтті, онда Португалия мен Испания құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Негізгі уақытта командалар жеңімпаз анықтай алмады – 2:2. Португалиялықтар сапында Нуно Мендеш (20-минут) пен Криштиану Роналду (61-ші), Испания құрамасынан Мартин Зубименди (21-ші) мен Микел Оярзабал (45-ші) гол соқты. Матчтан кейінгі пенальти сериясында португалиялықтар жеңіске жетті – 5:3.
Осылайша Португалия құрамасы екінші рет Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или