«Реал» Тибо Куртуаға жаңа келісімшарт ұсынды

«Реал» Тибо Куртуаға жаңа келісімшарт ұсынды

Мадридтік «Реал» қақпашы Тибо Куртуаны командада қалдырады, деп жазады Prosports.kz.

33 жастағы бельгиялықтың қазіргі келісімшарты 2026 жылы аяқталады, бірақ осы жылдың шілде айында клуб басшылығы қақпашыға оның ойынына риза болғандықтан, оған жаңа келісім ұсынады. Жаңа келісімшартқа жаздың соңына дейін қол қойылады деп күтілуде.

Тибо Куртуа 2018 жылдан бері «Реал» сапында ойнайды. 2024/25 жылғы маусымында бельгиялық қақпашы барлық турнирлерде 47 матч өткізіп, 55 гол жіберіп алды. 15 ойында қақпаны таза ұстады. Transfermarkt.de сайты ойыншыны 25 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или