Шавкат Рахмонов биыл жекпе-жек өткізбеуі мүмкін

Шавкат Рахмонов биыл жекпе-жек өткізбеуі мүмкін

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (19-0) биыл октагонға шықпауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Metranca хабарлағандай, Рахмонов октагонға 2026 жылдың қаңтарында оралуы мүмкін. Бірақ Шавкаттың командасы оның биыл жыл аяғына дейін міндетті түрде жекпе-жек өткізетінін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Айта кетейік, жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер жарақатын емдетіп жатыр.

Шавкат Рахмонов кейінгі рет 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізіп, ирландиялық файтер Иэн Гэрриді (16-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или