Рыпакованың қызы Кореяда күміс жүлде алды

Рыпакованың қызы Кореяда күміс жүлде алды


7 маусым күні қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен халықаралық Korea Open Athletics Meeting турниріне қатысты. Ұзындыққа секіру сайысында ол күміс жүлдегер атанды.

Анастасиямен бірге бұл жарыста Корея, Таиланд және Қырғызстан спортшылары бақ сынады. Бас жүлде үшін бәсеке корейлік тәжірибелі Ю Янгми мен 20 жастағы Рыпакованың арасында өрбіді. 31 жастағы Ю Янгми — Корея құрамасының көшбасшысы, жақында өткен Азия чемпионатында алтыншы орын алған болатын. Ал Рыпакова — бұл спорт түрінен төрт дүркін Қазақстан чемпионы.

Алайда екеуінің де көрсеткіші сәтті шықпады. Ю Янгми 6.01 метр нәтижемен жеңімпаз атанса, Анастасияның үздік секірісі – 5.92 метр. Қола медаль таиландтық Париния Чуамаронгқа бұйырды (5.54 метр), ал қырғызстандық Алия Самаркуль кызы 5.30 метрмен төртінші орынға табан тіреді.

«30 минутта жарыс аяқталды. Екінші орын. Нәтиже — өкінішке қарай, 5.92. Бұл – өз бетімше, жаттықтырушымсыз алғаш рет өнер көрсетуім. Ауа райы ыстық болды, өзімді түсінбей қалдым. Барлығы ойдағыдай болмады», – деді Анастасия Рыпакова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или