Қазақстанның тумасы мәскеулік ЦСКА-ны баптайды

«Локомотивті» биыл Гагарин кубогына жеткізген Игорь Никитин енді ЦСКА клубымен бес жылдық келісімшартқа қол қояды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Telegram-дағы «За пределами Ленинградки» арнасының мәліметінше, бұл келісім КХЛ-дегі ең ұзақ мерзімді бапкерлік келісім болмақ.
2025 жылғы Гагарин кубогының финалында Никитин жаттықтырған «Локомотив» «Тракторды» 4:1 есебімен ұтып, тарихында алғаш рет кубокты иеленді. Бұған дейін Никитин ЦСКА-ны 2017–2021 жылдар аралығында баптаған. Сол кезде команда 2019 жылы кубок жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, Игорь Никитин – Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Ол Қазақстан құрамасы сапында 1998 жылы Нагано Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған. Сондай-ақ 1999 жылы өткен Азия ойындарының жеңімпазы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или