Джесси Блэкер жаңа клубта қанша миллион алады?

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысының жаңа клубтағы жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы, жақында омбылық «Авангардпен» келісімшартқа отырған Джесси Блэкер екі маусымда 80 миллион рубль алады.
Өткен маусымда 34 жастағы хоккейші Екатеринбург «Автомобилистінде» өнер көрсеткен. ҚХЛ тұрақты чемпионатында 51 кездесу өткізіп, 18 (3+15) ұпай жинады. Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде қорғаушы екі матч өткізді.
Бұған дейін Блэкер «Барыс» (2018–2021) сапында және Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған - қорғаушы 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионаттарында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или