Роналду «Алтын допты» кім алатынын айтты

Роналду «Алтын допты» кім алатынын айтты


Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 2025 жылғы «Алтын допқа» кім лайық екені туралы пікір білдірді.

«Бұл марапатты Чемпиондар лигасында жақсы ойнап, жеңіске жеткен футболшы алуы керек. Өз басым жекелей жүлделерге қатты мән бермеймін. Себебі олардың қалай берілетінін білемін. Ламин Ямалда мүмкіндік бар, бірақ нақты фаворит жоқ», – деді Роналду Marca басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Роналду бұған дейін бес рет «Алтын доп» иеленген. Биыл бұл жүлдеге Усман Дембеле, Ламин Ямаль, Рафинья және Мұхаммед Салах үміткерлер қатарында аталып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или