«Барселонада» тәрбиеленген Агаев Қазақстан азаматтығын қайта алуға жақын

Павлодарда дүниеге келген, қазір Мәскеудің «Родина» клубында ойнап жүрген 20 жастағы сол қапталдағы қорғаушы Алан Агаев жақын күндері Қазақстан азаматтығын қайта алады деп күтуде.
«Қазір өзім де күтіп жүрмін. Бірақ жақын арада азаматтық мәселесі шешіледі деп ишара білдірді», – деді Агаев Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Ол бұған дейін Ресейдің жастар құрамасында ойнаған. Ал әкесі – Қазақстан мен Түрікменстан клубтарында доп тепкен Мұслим Агаев. 2024/2025 маусымында Алан Ресейдің Бірінші лигасында 8 ойын өткізді. Transfermarkt оның нарықтық бағасын 200 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или