Әліптің «Зениттегі» әріптесі АПЛ клубына ауысуы мүмкін

Әліптің «Зениттегі» әріптесі АПЛ клубына ауысуы мүмкін


Санкт-Петербургтік «Зениттің» қорғаушысы Роберт Ренан Англияға ауысуы мүмкін. Оған «Вулверхэмптонның» бас бапкері Витор Перейра ерекше көз тіккен.

21 жастағы бразилиялық ойыншы өткен маусымды Сауд Арабиясының «Әл-Шабаб» клубында арендада өткізіп, 35 матчқа қатысты. Transfermarkt мәліметінше, футболшының нарықтағы бағасы – 7,5 миллион еуро.

Айта кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп те өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или