АПЛ-ға бет алған қорғаушы

АПЛ-ға бет алған қорғаушы


UFC чемпионы Валентина Шевченко жаттығу кезіндегі өзіндік қағидасымен бөлісті. Оның айтуынша, ол спорт залында су ішпеуге тырысады.

«Жаттығу кезінде су ішпеймін. Бұл ереже маған кеңес спортынан қалған. Қатты жүктемеде су ішсең, дене ырғағы бұзылуы мүмкін. Сабақ біткен соң су ішіп, бәрін қалпына келтіруге болады. Бірақ жаттығу кезінде организм сағат секілді жұмыс істеуі керек. Артық нәрсенің бәрі зиян — су, протеин, кофеин болсын», – деді Шевченко Helen Yee Sports сұхбатында.

Қазір 37 жастағы Валентина 29 жекпе-жектің 24-інде жеңіске жеткен. Алдағы титул қорғау кездесуі әлі белгіленбеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или