«Атырау» «Қайртты» жеңіп, сенсация жасады

Футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалындағы алғашқы ойында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Атырауға» есе жіберді. Қонақтар 3:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, серияда есеп 1:0 болып «Атыраудың» пайдасына өзгерді. Айта кетейік, финалға шығу үшін үш жеңіс керек. Келесі матч 8 маусымда тағы да Алматыда өтеді. Одан кейін командалар Атырауға аттанады.
Гол авторлары: 6 және 40 минутта Бисембайұлы, 33 минутта Габриэль, ал «Қайраттан» 38 минутта Алиссон жауап қайырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или