Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері «Крылья Советовтегі» жоспарын айтты

«Крылья Советов» клубының жаңа бас бапкері Магомед Адиев 2025/26 маусымға қойылған мақсат туралы «СЭ» басылымына сұхбат беріп, пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның айтуынша, клубтың мақсаты – алғашқы сегіздікке кіру, алайда өзі бұл мақсаттан бұрын тұрақты әрі нәтижелі команда құруды маңызды деп есептейді.
Адиев қазіргі құрамда негізгі ойыншылардың өзегін сақтап қалғанын айтты. Қазірдің өзінде 12 футболшы бар, алайда жоғары нәтижеге жету үшін кемінде 6–7 жаңа ойыншы алу қажет дейді бапкер.
Самара өңіріндегі «Акронмен» болатын ішкі бәсекеге қатысты да пікір білдірді. Басшылық тарапынан «Акроннан» жоғары болу жөнінде нақты тапсырма берілмеген. Бірақ жергілікті дербидің мәні бар екенін жақсы түсінемін. Сондықтан ол кездесулерде «Крылья» лайықты ойын көрсетуі керек деді Адиев.
Айта кетейік, 2024/25 жылғы маусымда «Крылья Советов» Ресей Премьер-лигасында 31 ұпаймен 10-орын алды.