Роналду: «Менің буыным кетіп барады, ал Ламинді Витиньямен салыстырған дұрыс»

Роналду: «Менің буыным кетіп барады, ал Ламинді Витиньямен салыстырған дұрыс»


Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Лига ұлттары финалында Испаниямен өтетін шешуші матч алдында Ламин Ямальмен бәсекелестігі жайлы пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл ойын жекелеген футболшылар арасындағы емес, қос құрама арасындағы тартыс болуы тиіс. Сондай-ақ Роналду өзімен Ямалды емес, Витиньяны салыстыру дұрысырақ екенін айтты.

«Біз екі түрлі буынның ойыншыларымыз. Біреуі енді басталып жатса, екіншісі аяқталуға жақын. Мен сынға түсіністікпен қараймын. Бұл жолы ең бастысы – Португалияның жақсы ойын көрсетіп, қазіргі таңда әлемдегі ең мықты командалардың бірін жеңуі», – деді 40 жастағы шабуылшы баспасөз мәслихатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или