Покатилов Беларусьқа қарсы матчтан кейін Қазақстан құрамасынан кетті

Әзербайжандық «Сабах» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ұлттық құрама сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
32 жастағы қақпашы Беларуське қарсы өткен матчты толық өткізді, содан кейін бапкерлік штаб оған демалыс беруді жөн көрген.
Құрамда үш қақпашы қалды: Александр Заруцкий («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана») және Бекхан Шәйзада («Ордабасы»).
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 9 маусым күні «Астана Арена» стадионында Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или