Криштиану Роналду карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді

Криштиану Роналду карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жақын арада мансабын аяқтауды жоспарлап отырмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен қазіргі сәтпен өмір сүріп жатырмын. Көп жылым қалған жоқ, бірақ осы сәттен ләззат аламын. Әзірге мансабымды аяқтағым келмейді. Мен бақыттымын және маған ұнағанша ойнай бергім келеді», – деп келтіреді журналист Фабрицио Романо Роналдудың сөзін.

40 жастағы Роналду — Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Англияның үш, Испания мен Италияның екі дүркін чемпионы. Клубтық деңгейде ол Лиссабонның «Спортингі», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус» және «Әл-Наср» клубтарында ойнаған.

Португалия құрамасымен бірге Роналду Еуропа чемпионатын және Ұлттар лигасын жеңіп алған. Сондай-ақ, ол — жылдың ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесінің бес мәрте иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или