Танымал файтер UFC-ге оралуы мүмкін

Танымал файтер UFC-ге оралуы мүмкін

Фрэнсис Нганнудың бұрынғы бапкері, ауыр салмақтағы UFC чемпионы Эрик Никсик шәкіртінің жетекші ММА промоушенге оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нганну 2023 жылы келісімшартқа байланысты келіспеушіліктер салдарынан UFC-ден жанжалмен кеткен болатын. Қазіргі таңда камерундық спортшы PFL лигасында өнер көрсетіп, бокстан жекпе-жектер өткізіп жүр.

«Біршама уақыт өтті, мен олардың қарым-қатынасын қалпына келтіріп, Фрэнсис UFC-де өнер көрсетсе екен деймін. Меніңше, бұл эгомен емес, бизнеспен байланысты, ең болмағанда Фрэнсистің жағынан. Мәселе ақшада емес, бәсекеде. Ал ең мықты бәсеке – UFC-де», – деді Никсик Home of Fight басылымына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или