«Тоттенхэм» тізгінін кім ұстауы мүмкін? Басты үміткер айтылды

«Тоттенхэм» тізгінін кім ұстауы мүмкін? Басты үміткер айтылды

«Брентфордтың» бас бапкері Томас Франк «Тоттенхэм» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, 51 жастағы маман Лондон клубының бас бапкері қызметіне басты үміткер ретінде қарастырылып отыр. Бұл шешім Ангелос Постекоглу кеткеннен кейін қабылданған.

Дереккөздің хабарлауынша, дат маманының келісімшартында көрсетілген өтемақы сомасы - 10 миллион фунт стерлинг.

Франктан бөлек, «Тоттенхэмнің» шорт-листінде «Фулхэмнің» жаттықтырушысы Марку Силва мен «Борнмутты» баптап жүрген Андони Ираола да бар.

Өткен маусымда Франк басқарған «Брентфорд» АПЛ-да 10-орынды иеленсе, Постекоглу жетекшілік еткен «Тоттенхэм» 17-орынмен шектелгенімен, бірақ Еуропа лигасын жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или