Мераб Двалишвили мен Шон О'Мэллидің қанша гонорар алатыны белгілі болды

7 маусымнан 8 маусымға қараған түні Ньюарк қаласында (Нью-Джерси, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 316 турнирі өтеді, онда шоудың басты кездесуінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Мераб Двалишвили реванш кездесуінде осы дивизиондағы бұрынғы чемпион Шон О'Мэллиге қарсы титулын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sporty Salaries порталының ақпаратына сүйенсек, Двалишвили бұл жекпе-жек үшін шамамен 3 миллион доллар алуы мүмкін. О'Мэлли кем дегенде 2,5 миллион доллар алады.
Айта кетейік, файтерлер арасындағы алғашқы жекпе-жек 2024 жылы өтіп, онда Двалишвили төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или