Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль алды

Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль алды

Спорттық гимнастикадан Чечхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың көшбасшысы Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркін жаттығу бойынша Алтын медальды филиппиндік спортшы Карлос Эдриэль Юло (2 дүркін Олимпиада чемпионы) жеңіп алды. Ол 14.600 ұпай иеленді. Күміс жүлдеге Милад Карими - 14.400 ұпаймен қол жеткізді. Оңтүстік Кореялық Мун Гён Ён - 14.033 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, 2024 жылы Өзбекстан астанасында өткен сары құрлық чемпионатында да еркін жаттығуда Карлос Юло топ жарып, Милад күміс медаль олжалаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или