Испания – Португалия: Ұлттар лигасы финалындағы титандар текетіресі

2025 жылы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні Астана уақытымен 00:00-де Мюнхендегі «Альянц Аренада» Португалия мен Испания құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының финалында жолығады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Португалия
Қазір Португалия құрамасы Еуропадағы ең күшті құрамалардың бірі саналады. Командада тәжірибе мен жастық, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар мен қосалқы құрамдағы сенімді ойыншылар үйлесім тапқан. Бірақ сарапшылар Роберто Мартинес шәкірттері өз алаңында ойнап жатқан Германияны жеңе алатынына күмәнмен қараған.
Алайда Дортмундтағы матч Португалияның мықты тұстарын көрсетіп берді. Алдымен гол өткізіп алғанына қарамастан, Франсишку Консейсао мен Криштиану Роналду соққан голдың арқасында жеңіске жетті – 2:1. Команданың қорғаныстағы ойынын ерекше атап өткен жөн. Қақпашы Диого Кошта да, Диаш пен Мендеш бастаған қорғаушылар да сенімді көрінеді.
Дегенмен финалда олар әлемдегі ең үздік шабуыл шебі бар Испаниямен кездеседі. Матч алдындағы басты сұрақ - Португалияның қорғаныс ресурсы Испанияның шабуылын тоқтата ала ма?
Испания
Испания финалға турнирдегі ең креативті команда ретінде шығып отыр. Луис де ла Фуэнте шәкірттері жанкүйерлерді жылдам да әсерлі шабуылмен қызықтырып отыр. Басты назар жас жұлдыздарда — Ламин Ямал мен Нико Уильямс. Олардың қапталдағы өзара әрекеті кез келген шабуылды қауіпті етеді.
Испания алаң ортасында да басымдыққа ие. Родри, Педри және Фабиан Руис допты және ойын қарқынын бақылауда ұстай алады. Дегенмен мұндай агрессивті және басым модельдің өз минусы бар — қорғаныста проблема туындайды.
Қарсылас шабуылға шыққанда Испания құрамасы қорғанысқа қайтып үлгермей қалады. Позициялық ойында қателіктер кездеседі. Францияға қарсы жартылай финалда дәл осылай болып, голдар сериясын көрдік — 5:4. Нидерландымен ширек финалда да осы сценарий қайталанған. Испания кейінгі бес матчта 12 гол өткізіп алды.
Жеке кездесулер мен статистика
2018 жылдан бері қос құрама бес мәрте кездесті. Ең есте қалғаны – Ресейде өткен әлем чемпионатында 3:3 есебімен тең аяқталған ойын. Сол ойында Роналду хет-трик жасаған, ол матч турнирдегі ең үздік ойындардың бірі атанды.
Одан кейінгі матчтарда мұндай көп гол болған жоқ. Екі жолдастық кездесуде гол соғылмады, ал 2022 жылғы Ұлттар лигасында бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, екіншісінде Испания 1:0 есебімен жеңді.
Болжам
Екі команда да финалға лайқты түрде шықты. Испания күшті шабуылымен ерекшеленеді, допты көп бақылайды және қаптал арқылы Португалия қорғанысын бұзуға тырысады. Португалия қорғаныстан шабуылға жылдам өтуге баса назар аударып, прагматикалық ойын көрсетеді.
Матч шиеленісті өтеді, бірақ аса нәтижелі болмайтын шығар. Матч қосымша уақытқа немесе тіпті пенальти сериясына дейін созылуы мүмкін.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге мынадай коэффициент ұсынып отыр: Испанияның жеңісі – 1.93, тең ойын – 3.70, Португалияның жеңісі – 3.84.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.