«Арлан» хоккейшісі карьерасын Беларусь чемпионатында жалғастырады

Ресейлік шабуылшы, «Арлан» хоккей клубының ойыншысы Владислав Никулин Қазақстаннан кетіп, карьерасын Беларусь чемпионатында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Головой Об Лед» мәліметінше, форвард Қазақстандағы «легионерлер туралы заңның» әсерінен клуб ауыстыруға мәжбүр болған. Енді Никулин Беларусьтің «Неман» клубында ойнайды.
Айта кетейік, Владислав Никулин — лиганың төрт дүркін чемпионы, ол бұл жетістіктерге әртүрлі командалармен жеткен.
2024/25 маусымында Никулин «Арлан» сапында 51 матч өткізіп, гол+пас жүйесі бойынша 52 (23+29) ұпай жинаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или