«Астана» сапына жас баскетболшы қосылды

«Астана» баскетбол клубы 19 жастағы қазақстандық ойыншы Михаил Чоповпен келісімшарт жасақанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Клуб он тоғыз жастағы баскетболшы Михаил Чоповпен бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол Қазақстанның Жоғары лигасында ойнайтын алматылық «CHAMP1ON» командасының намысын қорғаған. Өткен маусымда Михаил 29 матч өткізіп, бір ойында орта есеппен 6,3 ұпай жинады», — делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или