Бақтияр Зайнутдинов Ресейге оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасы мен түркиялық «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік «Чемпионат» порталының мәліметінше, қазақстандық футболшымен мәскеулік «Динамо» клубы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ, Зайнутдиновты «Зенит» пен «Краснодар» клубтары да өз қатарында көргісі келеді.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» намысын 2023 жылдың тамыз айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта 27 жастағы жартылай қорғаушы стамбұлдық клуб сапында 49 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Қоса кетейік, қазақстандық әмбебап футболшы жарақатына байланысты қаңтар айынан бері алаңға шықпады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или