Испаниядағы бокс кешінде қазақстандық Руслан Мәдиевтің жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 6 маусымда қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (17-2) пен мексикалық Хорхе Баталья Мартинес арасында (11-5) Коста-Брава (Испания) қаласында тартысты жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бокс кеші қазақстандық уақыт бойынша сағат 23:00-де басталады. Мадиев пен Мартинес басты кардта өнер көрсетеді.
Жекпе-жектің тікелей эфирі осы жерде қол жетімді болады.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Бангкокта (Таиланд) өткен соңғы жекпе-жегінде Мадиев филиппиндік боксшы Али Канегуды (11-2-1, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы атағын иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін 32 жастағы Мадиев Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы мен Оскар Де Ла Хойяның Golden Boy промоутерлік компанияларының атынан сынға түскен болатын.