Камиль Каратенің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Ташкентте 6 шілдеде өтетін OCTAGON 75 турнирінде «Камиль Карате» лақап атымен танымал тәжік ММА және поп-ММА жауынгері Камариддин Хасанов (7-3-1) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Танымал жауынгердің қарсыласы қазақстандық жас әрі перспективалы жауынгер Дамир Рхимжанов (1-0) болады.
Еске сала кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегінде Камиль Карате жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының BMF (Best Media Fighter) атағы үшін қызу жекпе-жекте Еркебұлан Тоқтардан нокаутпен жеңіліп қалды. Шайқаста тәжік жауынгері иегін сындырып алды.
Айта кетейік, 21 маусымда Алматыда OCTAGON 74 турнирі өтеді. Онда ауыр салмақта қазақстандық Константин Меркулов (5-4) пен ТМД аумағында танымал поп-ММА және ММА өкілі, ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаевпен (11-5) үміткерлік жекпе-жек өтеді.
OCTAGON 74 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букемекерлік компаниясы
OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink