Джон Джонстың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

UFC 316 турниріне арналған баспасөз конференциясында танымал комментатор және сарапшы Джон Энник ауыр салмақтағы чемпион Джон Джонстың Том Аспиналмен мүмкін болатын жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, нақты ақпарат болмаса да, жекпе-жек 2025 жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста өтуі мүмкін.
«Менің ойымша, Джон Джонс пен Том Аспинал арасындағы кездесу екеуі де чемпион болған кезде әлдеқайда ауқымды болады. Бұл жекпе-жек желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді деп ойлаймын. Менде нақты мәлімет жоқ, бірақ Джон Джонстың белбеуінен айырылуы оны аса алаңдатпайды», – деді Энник.
Айта кетейік, Энник сөйлеп тұрған кезде жанкүйерлер «Джон Джонстың белбеуін тартып алыңдар!» деп айқайлай бастады. Бұл реакцияны сарапшы назардан тыс қалдырмай, фанаттардың қызығушылығы жекпе-жекке деген қызығушықты арттыра түсетінін атап өтті.