Футбол. Әлем чемпионатына іріктеу: Аргентина қонақта жеңіске жетті

Маусымның 5-інен 6-сына қараған түні Чили астанасы Сантьяго қаласындағы «Хулио Мартинес Праданос» стадионында Чили мен Аргентина құрамалары арасында 2026 жылғы әлем чемпионатының Оңтүстік Америка іріктеу турнирінің 15-ші тур ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 1:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Матчтағы жалғыз голды 16-минутта аргентиналық шабуылшы Джулиан Альварес соқты. «Альбиселестің» 37 жастағы капитаны Лионель Месси ойынды қосалқы құрамда бастап, 57-минутта алаңға шықты.
Аргентина құрамасы 15 матчта 34 ұпай жинап, 2026 жылғы әлем чемпионатына КОНМЕБОЛ іріктеу тобында көш бастап тұр. 15 ойында 10 ұпай жинаған Чили соңғы, 10-шы орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или