Беларусь — Қазақстан жолдастық матчына бейнешолу
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуде жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Борисовта өткен ойын 4:1 есебімен беларустардың пайдасына аяқталды. Алаң иелерінің голдарын Валерий Громико (26-минут), Валерий Бочеров (31-ші), Трофим Мельниченко (50-ші) және Евгений Шикавка (85-ші) соқты, Қазақстан құрамасы үшін жалғыз нәтижелі соққыны Ғалымжан Кенжебек (74-ші) жасады.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 9 маусымда өткізеді — Әли Әлиев шәкірттері 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада Солтүстік Македония құрамасына қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или