Қазақстан Беларусьтен масқара болып жеңілді

Қазақстан Беларусьтен масқара болып жеңілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Минск қаласында Беларусьқа қарсы жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Борисов-Аренада» өткен матч 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойын барысында алаң иелері басымдық танытып, үзіліске дейін екі гол соқты: алдымен Валерий Громыко Марат Быстровтың қателігін ұтымды пайдаланды, кейін Валерий Бочеров алыстан дәл соққы бағыттады. Екінші таймда Трофим Мельниченко Покатилов пен Быстровтың тағы бір қателігін пайдаланып есепті ұлғайтты. Қазақстан сапынан жалғыз допты Ғалымжан Кенжебек салған еді, бірақ бәрібір ойын нүктесін алаң иелері қойды. Евгений Шикавка көзге түсті — 4:1.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында «Астана Аренада» Солтүстік Македонияны қабылдайды.

Беларусь — Қазақстан 4:1 (2:0)

Голдар: Громыко 26, Бочеров 31, Мельниченко 50, Кенжебек 74, Шикавка 85.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или