Қазақстан чемпионы «Сарыарқа» сапына ауысуы мүмкін

Қазақстан чемпионы «Сарыарқа» сапына ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының қорғаушысы әрі «Арлан» сапында Pro Hokei Ligasy чемпионы атанған Эдуард Михайлов «Сарыарқа» ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда хоккейші «Арлан» құрамында Pro Hokei Ligasy тұрақты біріншілігінде 28 матчқа қатысып, 8 (2+6) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде 12 ойында 4 (1+3) ұпай еншіледі.

Әлем чемпионатында 28 жастағы қорғаушы бес кездесуге қатысқанымен, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или