Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің үшінші кезеңінің 9-туры аясында Өзбекстан құрамасы сырт алаңда БАӘ командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әбу-Дабидегі «Әл-Нахайян» стадионында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Осы тең нәтижеден кейін Өзбекстан құрамасы 18 ұпай жинап, топтық кезеңнің аяқталуына бір тур қалғанда мерзімінен бұрын әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл топта 20 ұпаймен Иран құрамасы көш бастап тұр. БАӘ -13 ұпай, Қатар - 10 ұпай, Қырғызстан - 6 ұпай және КХДР құрамасы 2 ұпай жинады.
Өзбекстан келесі матчын 10 маусымда Қатарға қарсы өткізеді, ал БАӘ құрамасы Қырғызстанға қонаққа барады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или