Қазақстан Еуро-2027 іріктеуін жеңіспен бастады

2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші турында Қазақстанның U-21 құрамасы өз алаңында Андорраны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астанада өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның 11-минутында алаң иелері сапында жалғыз әрі жеңіс голын Олжас Байбек соқты.
Осылайша, Қазақстан іріктеу турнирін жеңіспен бастады. Келесі ойынды ұлттық жастар құрамасы 8 қыркүйекте өз алаңында Англияға қарсы өткізеді.
Қазақстан U-21 — Андорра U-21 1:0 (1:0)
Гол: Байбек 11 (1:0).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или