Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты бапкер РПЛ клубын жаттықтырады

Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты бапкер РПЛ клубын жаттықтырады

Самараның «Крылья Советов» клубы бас бапкер лауазымына Магомед Адиевтің тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

47 жастағы маманмен келісімшарт бір жылға (екі тараптың келісімі бойынша ұзартуға мүмкіндігімен) жасалды.

2020 жылдан бері «Крылья Советов» тізгінін Игорь Осинькин ұстаған еді, алайда ол өткен маусым аяқталған соң командадан кетті.

2024/25 жылғы маусымда самаралықтар 31 ұпай жинап, Ресей Премьер-лигасының турнир кестесінде 10-орынға табан тіреді.

2024 жылы Адиев «Ахмат» клубының бас бапкері болды, ал сәуір айынан бастап «Химки» клубында бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде жұмыс істеді. Бұған дейін ол «Анжи», қарағандылық «Шахтер» клубтарын және Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или