Самородов ойнайтын «Ахматтың» тізгінін енді Сторожук ұстайды

Самородов ойнайтын «Ахматтың» тізгінін енді Сторожук ұстайды

«Спорт-Экспресс» дерегінше, Александр Сторожук «Ахмат» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалмақ.

43 жастағы маман 2023 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың мамырына дейін Тула қаласының «Арсенал» клубын жаттықтырған. Енді ол қызметінен кеткен Сергей Ташуевтің орнын басады.

Айта кетейік, «Ахмат» плей-офф матчтарынан кейін РПЛ-дегі орнын сақтап қалды.

Қазіргі таңда бұл командада Қазақстан құрамасының жетекші ойыншыларының бірі Максим Самородов өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или