Роналдуның голы Португалияны финалға алып шықты

Роналдуның голы Португалияны финалға алып шықты


Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Германияға қарсы жартылай финалдағы жеңіс голын соғып, командасын Лига нацияларының финалына шығарды. Кездесу 2:1 есебімен португалиялықтардың пайдасына аяқталды.

Роналду 68-минутта Нуну Мендештің пасынан кейін Марк-Андре тер Штеген қорғаған қақпаны дәл көздеді. Бұл соққы матчтың тағдырын шешіп, Португалияны шешуші кезеңге алып шықты.

Ойыннан кейін 40 жастағы шабуылшы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Алға, Португалия!» деп жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или